«Аңыз адам» журналына 13 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аңыз адам» журналына 13 миллион теңге өтемақы  төлеу міндеттелді

«Аңыз адам» журналына 13 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді

Гитлерді дәріптегені үшін 13 миллион теңге төлесін! Бүгін Алматыда фашизимді насихаттады деген айыппен «Аңыз адам» журналына қатысты осындай сот шешімі шықты. Оған сәйкес, енді басылым жетекшісі Жарылқап Қалыбай соғыс ардагерлері алдында ресми түрде кешірім сұрауға міндетті. Сондай-ақ, арыз түсірген 13 ардагердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден моральдық өтемақы беруі тиіс. Бірақ бас редактор оның бірде бірін орындамаймын деп кетті.

  • 1 Шiлде 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz

Судья үкім:

-«Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай және меншік иесі «Отбасы» ЖШС Қазақстан халықы алдында, ҰОС ардагерлерінің алдында фашизмді насихаттағаны үшін жариялы түрде кешірім сұрасын.

Бұл – бүгін Алматыда «Аңыз адам» журналына қатысты іске шығарылған сот шешімі. Оған сәйкес, басылым ардагерлерге 13 миллион теңгені құрайтын моральдық шығын да төлеуі тиіс. Яғни «фашизмді насихаттап, ар-намысмызға тиді» деген 13 ардагердің арызы қанағаттандырылды. Бірақ әрекетім әдептен аспады деген журнал басшысы Жарылқап Қалыбай бұл шешіммен келіскен жоқ.

Жарылқап Қалыбай, «Аңыз адам» журналының бас редакторы:

— Кешірім де сұрамаймын, ақша да төлемеймін, апелляциялық сотқа беремін. Және мына кісіні жала жапқаны үшін тағы да сотқа беріп қойдым. 

Жеңіс күні қарсаңында «Аңыз адам» журналы мына бір мұқабасымен ел ішін дүрліктірген еді. Гитлерге тұтас бір санын арнап, мақала жариялаған. Басылымның бұл әрекетін бірі ақтады, енді бірі даттады. Тіпті ашуға мінген ардагерлердің бір тобы журналды жиылып, өртеуге дейін барған. Ал басылым өкілдері болған жәйтке журналистерді айыптап әлек. 

Ал Жарылқап Қалыбайға ренжіген 13 ардагер: «Сот бекіткен өтемақыны бас редактор бермесе, бермей-ақ қойсын», дейді. Өйткені ешкім ақша үшін соттаспаған. Бірақ қоғам алдында кешірім сұрауын талап етуде.  


Александр Колесников, Соғыс ардагерлері қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы:

-Егер ол кешірім сұраса, әрине кешірім жасаймыз. Демек қателігін түсінгені. Әлі жас, кемшілігін түсінер деп үміттенемін. Өйткені Гитлерді қай жағынан алсаң да дәріптеуге, ақтауға болмайды. Ол үлендерді ғана емес, жас балаларды миллиондап өлтірді емес пе?

Осылайша Гитлерге қатысты дауға әзірге нүкте қойылмайтын сияқты. Екі тараптың әлі де біраз бір-бірін сотқа сүйрейтін түрі бар.