Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде жел күшейеді

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде бүгін күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауады. Бұл өңірлердің кей жерлерінде жел күшейіп, нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Ал, еліміздің басқа өңірлері жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 1 Шiлде 2014
  • 265
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысының түнде кей жерлерінде ғана, ал күндіз бүкіл облыс аумағында 17-22 м/сек жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысы, ОҚО, Ақтөбе облысы, СҚО, Қарағанды облысы, ШҚО, күндіз Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/сек-қа дейін көтеріледі.

Ал, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және ШҚО-ның кей өңірлерінде ыстық болады деп күтілуде.