Әнші Алматыдағы жекеменшік емханада босанғаннан кейін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Алматыдағы жекеменшік емханада босанғаннан кейін көз жұмды

Әнші Алматыдағы жекеменшік емханада босанғаннан кейін көз жұмды

Алматыда әнші Ангелина Цой 600 мың теңге төлеп, жекеменшік емханада босанғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды 7-арна. Ал Ангелинаның артында күні кеше ғана босанған шаранасы қалды. Сәбидің дені сау. Кішкентай Элиза отбасындағы екінші сәби.

  • 1 Шiлде 2014
  • 718
Фото - Caravan.kz


Қайғыдан қан жұтқан туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Себебі, жас ана бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан көрінеді. "Сол күйі есін жимастан, бақилық болды" деп, жақындары зар илеуде. Марқұмды жер қойнына тапсырған туыстары салғырттық танытқан дәрігерлермен соттасамыз деп бекініп отыр.
Туыстарының айтуынша, жатырдың эндометриозы бар келіншек №1 перзентханаға жатқызылуы тиіс еді. "Бірақ соңғы сәтте дәрігерлер оны қабылдаудан бас тартты", — дейді олар.
"Дәл осы Алматыға аты белгілі дәрігердің жекеменшік медициналық орталығы Ангелинаның соңғы нүктесі болды", — дейді құрбысы. Аяғы ауыр келіншекке жоспарлы кесер тілігімен ота жасалыныпты. Наркоздан оянған әйел өз-өзіне келе бастаған. "Бірақ сол түні жағдайы күрт нашарлады", — дейді туыстары. Бірден басы ауырып, сандырақтай бастаған сәтте қасынан дәрігер табылмады деп отыр. Ал келесі күні таңертең Ангелинаға реанимобиль шақыртылып, Ана мен бала денсаулығын сақтау орталығына жеткізіліпті. Онда оған қайта операция жасалынған екен. "Бірақ кезекті ота көмегін тигізбеді", — дейді құрбысы.
Әншінің өзі қайтыс болғанмен әні өлмек емес. Жұрт назарына Ангелина Цойдың мына бір бейнебаянын ұсынамыз.