Көп балалы анадан 6 жыл бойы ақша «сорып» келген мемқызметкер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көп балалы анадан 6 жыл бойы ақша «сорып» келген мемқызметкер ұсталды

Көп балалы анадан 6 жыл бойы ақша «сорып» келген мемқызметкер ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы әкімі аппаратының бас маманы Б. Жайламоваға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 1 Шiлде 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

Ол «Қолжетімді баспана — 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алып беремін деп алдап, 6 жыл ішінде К. деген көп балалы анадан бөліп-бөліп 600 000 теңгеден астам ақша алып келген. Б.Жайламова 20 маусымда департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының барысында қалған 1 000 АҚШ долларын алу барысында қылмыс үстінде ұсталды. 

23 маусымда Б.Жайламоваға қатысты ҚР ҚК 177-бабының 3-бөлігі «г» тармағымен қозғалған қылмыстық іс оның өзінің кінәсін толық мойындауына байланысты, сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібімен сотқа жолданды.