Олардың бірі жолаушылар пойызы болса, қалған үш құрамға жүк тиелген, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Атап айтсақ, №746, №784- және №794 жүк пойыздары жолда тұрып қалған.
Сонымен қатар, Көкшетау-Қызылорда бағытына қатынайтын №55 жолаушылар пойызы Жамбыл станциясында бірнеше сағат кідірді.
Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні түскі сағат 12:45-те Жамбыл облысының Жуалы станциясында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Жамбыл-Түлкібас бағытына қатынайтын №3405 жүк пойызына әйнек тиелген. ТЖ салдары кешкі сағат 19:00-де толық жойылып, қозғалыс қалпына келтірілді.