Азиада-2011 дирекциясында қаржыны талан-тараж ету фактісіне қатысты қылмыстық іс сот қарауына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада-2011 дирекциясында қаржыны талан-тараж ету фактісіне қатысты қылмыстық іс сот қарауына өтті

Азиада-2011 дирекциясында қаржыны талан-тараж ету фактісіне қатысты қылмыстық іс сот қарауына өтті

Алматы Қаржы полициясы департаментінің тергеушілері «7-қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ бұрынғы басқарма бастығы Айдар Мусинге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

  • 1 Шiлде 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz

Іс соттың қарауына берілді.

Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, А.Мусин 2009-2010 жылдары кәсіпкерлікпен заңсыз айналысып, «Q-service» ЖШС-не түрлі келісісшарттар бекіту барысында жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп отырған. Сонымен қатар, жалған кәсіпорынның есеп-шоттарын пайдалана отырып, жобалық-сметалық құжаттарда бағаны бірнеше есе өсіріп көрсеткен. Салдарынан мемлекеттен бөлінген 800 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып, оның бір бөлігіне қымбат  жылжымайтын мүлік пен көліктер сатып алған көрінеді.

Тергеу барысында А.Мусиннің 70 млн теңгеден астам мүлкі тұтқындалған.