Еліміздегі Almaty management university жанынан Құқық мектебі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі Almaty management university жанынан Құқық мектебі ашылды

Еліміздегі Almaty management university жанынан Құқық мектебі ашылды

Алматыдағы Almaty Management University (ALMU, бұрынғы Халықаралық бизнес академиясы) жанынан Құқық мектебі ашылды.

  • 1 Шiлде 2014
  • 976
Фото - Caravan.kz

«Қазір біздің қоғамда не көп заңгер мен экономист көп деген пікірлер бар. Шын мәнінде бұл қате пікір. Бізге: бизнеске де, адамдарға да жақсы, білікті заңгер жетіспейді. Олардың көптігін емес, біздегі жүйенің тиімсіздігін әңгімелеу керек. Біздегі ЖОО барлық мамандық иелерін даярлап шығарады, бірақ, терең білім бермейді. Бүгін ашылып отырған мектеп бизнес саласындағы мамандарды тереңірек оқытуға күш салады», — деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында ALMU президенті Асылбек Қожахметов мәлім етті.

ALMU басшысының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты халықаралық құқық жөніндегі заңгерлерге деген сұраныс арта түспек. «Біз Ресеймен, белоруссиямен, ертең Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен біртұтас кеден кеңістігінде жұмыс істеуге тура келеді», — деп атап өтті ол.

«Бір жағынан, — дейді А.Қожахметов, — Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі сөз болып жатыр. Біз Қытай нарығынан орын алуға күш салып жатырмыз. Алдағы уақытта бұл ынтымақтастық аясы кеңейе түспек. Ұлы Жібек жолы қайта жанданып жатыр. Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізі салынып жатыр. Мұның бәрі халықаралық құқыққа қатысты мәселелер осындай мамандарға деген сұранысты күшейтетінін білдіреді».

Құқық мектебінің директоры Жаннет Қалышеваның айтуынша, оқу орны негізінен Қазақстандағы заңгерлік білім саласындағы: Қазақстанда және халықаралық аренада бизнес құқын қорғау (кәсіпкерлер құқығы); Мемлекеттік органдарда бизнестің мүддесін қорғау (құқық қорғау орындары); Заңгерлердің (корпоративтік заңгерлердің) біліктілігін арттыру бағдарламаларын және құқықтық білімін толықтыруға мұқтаж өзге де мамандық иелерін қайта даярлауды ұйымдастыру; Қазақстандық құқық пен жекелеген салалар негізінде шетелдік заңгерлерге ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру; Коммерциялық емес құқық қызметін реттейтін құқық саласын дамыту; Адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері сынды маңызды бағыттар бойынша жұмыс істейді.

«Бүгінгі күні Құқық мектебіне түсуге 18 адам өтініш білдіріп қойды. Қазір 3-4-курстарда 100 шақты студент тәлім алып жатыр. Олар қай салаға маманданатынын таңдай алады», — деп атап өтті Ж.Қалышева.


Құқық мектебінде оқу 4 жылды құрайды (бакалавриат), магистратура – 1 жыл. Оқу құны әзірге жарияланбай отыр. «Сонымен қатар, бізде ЖОО гранттары бар. Ал, білімді студенттерге өзіміз де жеңілдіктер жасаймыз», — деп атап өтті ол.

Тыңдаушының орыс, қазақ немесе ағылшын бөлімдеріне түскеніне қарамастан пәндердің бір бөлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Оқытушылар құрамының 30-40 пайызы шетелден шақыртылған.