Министр Францияда туристік салық бір түн үшін 8 еуроға қымбаттатылғанына қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Францияда туристік салық бір түн үшін 8 еуроға қымбаттатылғанына қарсы

Министр Францияда туристік салық бір түн үшін 8 еуроға қымбаттатылғанына қарсы

Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус заң шығарушылардың туристік салықты арттыру туралы ұсынысын сынға алып, бұл саланың өзін әлсірететінін айтты, деп жазады Financial Times.

  • 1 Шiлде 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz


Басылым мәліметіне сәйкес, Л.Фабиус жоспарланып отырған туристік салықты арттырудан бас тарту қажет дейді, өйткені ол қауіпті және жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқаратын туризмнің дамуына толық қарама-қайшы.

Бұған дейін социалистік партия заңға өзгеріс енгізуді ұсынған. Оған сәйкес туристерден қонақүйлерде тұрғаны үшін бір түнге 1,5 еуродан 8 еуроға қымбаттату көзделген. Парламент мүшелері Парижде тоқтайтын туристерден алынатын бір түн үшін 2 еуро көлеміндегі қосымша салықты жақтап дауыс беріп қойған.