Сатушылардың сөздеріне қарағанда, бұл қалалық әкімдік пен автобекет басшыларының арасындағы келісім мерзімінің бітуіне байланысты екен. Екі арадағы түсініспеушіліктің кесірінен, қазір 50-ге жуық сатушы мен автобекеттің 20 шақты қызметкері жұмыс орындарына кіре алмай жүр. Олар түйіткілді шешуді талап етіп, қала басшыларына хабарласыпты. Бірақ ондағылар автобекет біздің балансымызда жоқ деп қысқа қайырған. Мұндай жауапқа қанағаттанбаған олар облыстық әкімдікке де бас сұқты. Бірақ олар да 15 күнсіз ешқандай жауап бермейміз деп отыр.
Жұмагүл Қарымсақова, сатушы:
—Үш жыл алты ай бойы жалға алғам. Түнгі 12-ден бастап жарықты ошірді. Бутиктерді жауып тастады, енді біздің ішімізде тауар тұр, шоколад, балмұздақ еріп кетті.