Жүк пойызы жолдан тайып шыны тиелген вагондар аударылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүк пойызы жолдан тайып шыны тиелген вагондар аударылып қалды

Жүк пойызы жолдан тайып шыны тиелген вагондар аударылып қалды

Жамбыл облысында жүк пойызындағы шыны тиелген 5 вагон рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға Жуалы ауданындағы Шақпақ станциясы маңында болған.

  • 2 Шiлде 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz


Тараздан Түлкібасты бетке алып шыққан 61 вагондық пойыздың тіркемелері кенет бірінен соң бірі аударылған. Зардап шеккен адамдар жоқ. Дегенмен апат салдарынан бірнеше жүк пойызы мен жолаушы тасымалдайтын Қызылорда-Көкшетау пойызы сағаттап жарым жолда тұрып қалды. Рельстер едәуір зақымдалса керек, мамандар оны қалыпқа келтіруге біраз уақыт жұмсаған. Қазірдің өзінде пойыздар бір-ақ бағытпен қатынауда. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгізіз. Айта кетсек, теміржолдардың тозығы жеткен бе,соңғы кездері вагондардың рельстен шығып кетуі жиілеп барады.