Қыздарды тәнін сатуға мәжбүрлеген танымал «Мама Роза» сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарды тәнін сатуға мәжбүрлеген  танымал «Мама Роза» сотталды

Қыздарды тәнін сатуға мәжбүрлеген танымал «Мама Роза» сотталды

Жеңгетай жазасын алды! Бүгін Алматының ауданаралық соты «Мама Роза» деген лақап атпен танымал сутенер Ольга Хамболатоваға қатысты үкім шығарды. Оңтүстік астананың шенді полицейлерімен сыбайласып, жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген Мама Роза енді 7 жылын темір торда өткізуі тиіс.

  • 2 Шiлде 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz


— Сондай-ақ, бар мүлкі тәркіленсін. Ал жазасын қатң тәртіптегі түзету мекемесінде өтесін.

Сондай-ақ, Хамболатованың жеті сыбайласы да бүгін бес жылдан тоғыз жылға дейін арқалады. Сот ең қатал жазаны көлік жүргізушісі болып қызмет жасаған экс-полицей Ақылбек Азатқа кесті. Ол полиция сержанты деген шенінен айырылды әрі қатал тәртіптегі түрмеде 9 жыл өмірін өткізуі тиіс. Негізінен бұл жеңгетайға жан-жақты қолдау көрсеткен Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары. Жүзге жуық қызды тәнін саудалауға жағдай жасаған Серік Бегасылов қазір іздеуде жүр. «Мама Роза» олардың ақысына ай сайын 4 мың доллар төлепті. Осындай «құдіретті қолдаушыларының» арқасында жеңгетайдың еркінсігені сонша, тіпті арнайы диспетчерлер телефон арқылы тапсырыс қабылдап көлікпен қажетті мекен-жайға жеткізіп отырған.