Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауып, ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауып, ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауып, ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің басым аумағында күннің күрт суытуына байланысты «Қазгидромет» РМК ескерту жариялады.

  • 2 Шiлде 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz


«1-2 шілде Ақмола облысында, 2 шілде Солтүстік Қазақстан облысында, 2-3 шілде Павлодар облысында кей жерлерде жауын жауып, оның арты бұршаққа ұласуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25-ке дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-13 дейін, кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендесе, түнде 17-22, кей жерлерде 12 грудсқа дейін жылы болады.

1-3 шілде Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтмал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-1, кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендесе, күндіз 18-23, кей жерлерде 15 градусты көрсетеді», — делінген ҚР ТЖМ ақпараттық порталында жарияланған «Қазгидромет» хабарламасында.