Екібастұз полицейлері 19 баланың өмірі үшін өз бастарын тәуекелге тікті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз полицейлері 19 баланың өмірі үшін өз бастарын тәуекелге тікті

Екібастұз полицейлері 19 баланың өмірі үшін өз бастарын тәуекелге тікті

Екібастұз ІІБ жол-патрульдік қызметінің рота полицейлері С.Зәкіров пен К.Баисов балаларды Павлодардан Екібастұзға жеткізбек болған автобуспен бірге қауіпсіздік үшін ілесіп шықты. Онысы бекер болмаған екен.

  • 2 Шiлде 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қалаға кіре берістегі «Город-Стелла» тас жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан «Honda» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, балаларға қауіп төндірді. Автопатруль экипажы жүйткіп келе жатқан «Honda»-ның алдына өз көліктерін тосып, балаларды бір ажалдан құтқарып қалды. 

Оқиға салдарынан патрульдік көлік жүргізушісі полиция старшинасы Зәкіров түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілді.



Автобуста болған 19 баланың бәрі де дін аман.

40 жастағы «Honda» жүргізушісіне қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.