Көне Тараз қаласының қазба жұмыстарына қытайлық археологтар қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көне Тараз қаласының қазба жұмыстарына қытайлық археологтар қосылады

Таразда Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және мұрағаттар басқармасы мен Қытайдың «Ұлы Жібек Жолы» экономикалық аймағы институтының арасында меморандумға қол қойылды.Меморандум аясында қытайлық ғалымдар Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстарына қатыспақ ниетте, деп хабарлады облыс әкімнің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 2013 жылы 2,5 мың шаршы метр аумақта 3,5 метр тереңдікке дейін 4 қазба жүргізілген. Зерттеу аумағы 10 мың шаршы метрді құрады. 40 мыңға жуық, ескі су тарту жүйесі (құбыр), 10-11 ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы көне медреселердің бірі, 11-12 ғасырлардағы құрбандық шалатын орын табылды.

Таяу жылдары көне қала орнында ашық аспан астында мұражай салу жоспарда бар. Тарихи-мәдени туристік кешеннің аумағында 15 нысан салынады, олардың қатарында медресе, мешіт пен шығыс моншасы болмақ.

Тарихшылардың бағалауынша, жамбыл облысында бірқатар бағалы археологиялық ескерткіштер бар. Олар: арабтар мен қытайлар арасындағы ірі шайқас орны Атлах қалашығы, Аклахум, Төмен Барысхан қалашықтары, Ақыртас сарай кешені, Қарасай, Тамдысай және жартастағы бейелері бар Бота-Мойнақ шатқалдары. Жуалы ауданынындағы Маймақ шатқалындағы петроглифтер де туристер арасында танымал.

Жалпы, Тараз қаласы 2017 жылға қарай шетелдік туристер үшін қызықты орынға айналады деген үміт бар. Тараздың 10-12 ғасырлардағы гүлденген кезеңі, қолөнершілердің, ғылым мен мәдениеттің, Ұлы Жібек жолының маңызды түйіні ретіндегі қала қайта қалпына келтіріліп, «мұражай қала» болып жаңа сапада қайта жанданады.

  • 2 Шiлде 2014
  • 1060
Фото - Caravan.kz