Қазақстанның жетістіктері Н.Назарбаевтың елдің ілгерілеуіне қосқан зор үлесінің арқасында мүмкін болды - Александр Лукашенко - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жетістіктері Н.Назарбаевтың елдің ілгерілеуіне қосқан зор үлесінің арқасында мүмкін болды - Александр Лукашенко

Қазақстанның жетістіктері Н.Назарбаевтың елдің ілгерілеуіне қосқан зор үлесінің арқасында мүмкін болды - Александр Лукашенко

Қазақстанның жетістіктері Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың елдің ілгерілеуіне қосқан зор үлесінің арқасында мүмкін болды.

  • 3 Шiлде 2014
  • 980
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықтау лебізінде білдірді. 

«Қазақстан халқының еңбекқорлығы мен патриотизмі арқасында Сіздің еліңіз осы жылдарда мемлекеттілікті нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық дамуда, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерге, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  маңызды үлес қосып отырған Қазақстанның халықаралық қатынастардың белсенді қатысушы ретіндегі беделін бекітуде шын мәнінде тамаша нәтижелерге қол жеткізді», — деп атап көрсетті Беларусь Президенті А.Лукашенко.

Беларусь басшысы Бірыңғай экономикалық кеңістік азаматтардың өмір деңгейін арттыру мақсатындағы елдеріміздің бірлескен жұмысына және беларус-қазақстан стратегиялық әріптестігінің одан әрі тереңдеуіне қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.