Шенеунік өңірдегі «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жобасын мақұлдап, құжатқа қол қою үшін кәсіпкерден осыншама қаражат талап еткен. Оңай олжаға кенелгісі келген парақорды қаржы полицейлері пәтерінің алдында ұстады. Енді күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденсе, өмірінің біраз жылын темірторда өткізуі мүмкін.
Нұргүл Мұқатай, облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
— «Маңғыстау облысынының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бөлім бастығына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда сот санкциясымен ол қамауда.