Шакира әлем чемпионатының жабылу салтанатында ән салады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шакира әлем чемпионатының жабылу салтанатында ән салады

Шакира әлем чемпионатының жабылу салтанатында ән салады

Колумбиялық әнші Шакира  13 шілдеде футболдан әлем чемпионатының финалдық матчы алдында  болатын  жабылу салтанатында La La La (Brazil 2014) композициясын орындайды.

  • 3 Шiлде 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығының (ФИФА) ресми сайты хабарлайды.

 Сондай-ақ, турнирдің басты ойыны алдында Карлос Сантана, Вайклеф және Алешандре Пирес Dar Um Jeito аталатын әнді шырқайды. Чемпионаттың ресми әнұраны  Дженнифер Лопес, Питбуля және Клаудии Лейтте орындайтын We Are One композициясы.

Еске сала кетсек, 2010 жылғы ОАР-дағы әлем чемпионатында Шакира турнирдің ресми  әнұраны  — Waka Waka (This Time for Africa) орындаған болатын.