«Сәрсенбі күні №2 Атырау қалалық сотының 23 жастағы қызметкері қала орталығында жол көлік апатын тудырды.
Бағдаршамда жанып тұрған қызыл түске қарамаған ол 46 жастағы әйелді қағып өтіп, одан тоқтамастан, тағы 3 жеңіл көлікті соғып кетті. Жол үстінде жапа шеккен әйел ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды», — деп хабарлады облыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.