«Былай қарағанда, батыстағы мемлекеттер Кеңес одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесін бағалауы тиіс. Алайда олар алғыстың орнына өктемдік жасап, санкциямен сес көрсетіп бағады», — деді белорусь басшысы Ұлы Отан соғысының тарихи мұражайын ашу барысында.
А.Лукашенко «Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес халқының бірлігінің арқасында жеңіске жеттік» деп атап өтті.
Ал, ресейлік әріптесі Владимир Путинді ол «бауырлас мемлекеттің жетекшісі, Белоруссияның сенімді серіктесі» деп атады. Ол мұражайдың ашылу салтанатына қос мемлекет басшысының қатысуын жақсылықтың нышаны деп есептейтінін жеткізді. «Бұл соғыс та, жеңіс те бізге ортақі, деді А.Лукашенко.