Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаны «ЕвроКристалл» ЖШС жүзеге асырды. Оған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Даму қоры қолдау көрсеткен.
Зауыт 2-шілде күні іске қосылды.
Кредитке алынған қаражат зауыт құрылысы мен қондырғылар сатып алуға жұмсалған.
Кәсіпорын жылына 60 млн дана шыны ыдыс шығарады. Соның арқасында «ЕвроКристалл» зауыты өндіріс көлемі жағынан Қазақстандағы шыны ыдыс шығаратын кәсіпорындар арасында екінші орынға көтерілді.
Зауытта орнатылған қондырғылар швейцариялық технология бойынша Қытайда шығарылған. Автоматты қондырғылар консервілеуге және тамақ өнеркәсібінің басқа да қажеттіліктеріне арнап, 1,5-2 литрлік банкалар мен бөтелкелер жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Жасалған өнімнің химиялық және физикалық қасиеттері кәсіпорынның жеке зертханасында тексеріледі. Ал, дайын өнімді автоматты инспекциялау және сканерлеу қондырғылары шыны ыдыстың сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі.