Ақтөбе облысында жыл басынан бері мұнай өнімдерін ұрлау әрекеті тойтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жыл басынан бері мұнай өнімдерін ұрлау әрекеті тойтарылды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мұнай өнімдерін ұрлау әрекеті тойтарылды

Биылғы жылы 31 қылмыстық іс қозғалды.

  • 3 Шiлде 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұл істер бойынша заңсыз мұнай айналымы 190 млн теңгені құрайды, деп Ақтөбе облысының прокуратура басқармасы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда он үш адамға қатысты он қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Облыс соттары үш адамды түрлі мерзімге соттады, 4 мұнай тасығыш машина, 14 млн теңгеден астам соманың 186 тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдері, сондай-ақ 3 млн теңгеден астам қаржы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Прокурорлардың бастамасымен құрылған мұнай ұрлығына қарсы тұру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы облыстағы құқық қорғау органдарының қызметін жандандыруға ықпал етті. 2013 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша 37 адам сотталып, 19 мұнай таситын машина мен 30 млн теңгеден астам соманың 400 тонна мұнайы мемлекет пайдасына тәркіленді.