Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
М.Смағұлов 2013 жылы "ЮТЭКС" ЖШС директорына ЖШС есебінен өзінің Қарағандыдағы жекеменшік үйіне жөндеу жүргізуді заңсыз тапсырған.
Бұл құрылыс фирмасы несиелік мемлекеттік үйлердің құрылысы бойынша мердігер болған.
Алдын ала бағалау бойынша, М.Смағұловтың үйіне «ЮТЭК» ЖШС-тің жүргізген жөндеу жұмыстары 5 млн теңгеден асқан.
Қылмыстық іс тексерілуде.
М.Смағұлов маусымның соңында Қарағанды әкімі қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш жазған болатын.