Елбасы Астанада үсті жабық қала салу идеясынан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Астанада үсті жабық қала салу идеясынан бас тартты

Елбасы Астанада үсті жабық қала салу идеясынан бас тартты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысына байланысты «үсті жабық қала» салу идеясынан бас тартты.

  • 4 Шiлде 2014
  • 752
Фото - Caravan.kz

«Басқа жерде салмақ болған үсті жабық қаладан, шыны керек, қазір бас тарттық», деп Н.Назарбаев бүгін «ЭКСПО – 2017» нысандар салушылардың есебі тыңдалған кеңесте атап көрсетті.

Бұрын хабарланғандай, Астанада бірегей жабық кешен шатыры астына толық инфрақұрылымы бар тұрғын ықшам аудан салу жоспары болған еді. Жоба 10 мың тұрғынға арналған.

Сондай-ақ, Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенін салу кезінде қаражаттың жұмсалуын бақылайтын арнайы комиссия құруды ұсынды.

«Шығын бақылауда ма?» — деп Н.Назарбаев бүгін астанада "ЭКСПО-2017" нысанын салушылардың есебі тыңдалған кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке сұрақ қойды.

"Шығын бақылауда", — деп жауап берді К.Мәсімов.

«Тәртіпті, сапаны, ақшаның жұмсалуын бақылап отыратын компания тарту туралы айтқан едік.

Мұны қатты қаламаймыз. Оны кім бақылайды? Мүмкін бізге комиссия құру керек шығар?» деді мемлекет басшысы.


Елбасы  «Астана ЭКСПО – 2017» көрме кешенінің құрылысына тартылған отандық және шетелдік компаниялардың басшыларын өз жұмысын жауапты және уақтылы атқаруға шақырды.

«Жауапкершілікпен қарасаңыздар деймін, бұрын ұятқа қалдырмадыңыздар, қазір де сөйтеді деп ойлаймын, жұмыс істейік. Біздің міндетіміз қазанға – қыс басына қарай бастақы кезеңді аяқтап, шұңқырын қазып, іргетесын қалап, қыс бойы ештеңеге қарамастан жұмыс істеу үшін ғимараттардың бірінші қабаттарын көтеруді қамтамасыз ету», — деп Н.Назарбаев бүгін Астанада «ЭКСПО – 2017» нысандарын салушылардың есебі тыңдалған кеңесте атап көрсетті.

Уақыт тығыз. Кестеден қалмауымыз керек, дейді президент.