Велосипедтің камерасынан есірткі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Велосипедтің камерасынан есірткі шықты

Велосипедтің камерасынан есірткі шықты

Ақмола облысында осындай жолмен 9 келіден асатын героин алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды. Полиция қызметкерлері оны Қарағанды-Астана тас жолының бойында тұтқындаған.

  • 4 Шiлде 2014
  • 175
Фото - Caravan.kz


Ішіне есірткі салынған резинаны иісшіл ит көліктің орындығының қаптамасынан тауып алған. Бішкектен Ресейді бетке алып шыққан күдікті героинды велосипедтің камерасына салып, екі жағын бітеп тастапты. Полиция қызметкерлері резинаны тілгенде, ішінен сапасы өте жоғары ауған героині шыққан. 9 келі 362 грамм есірткіні қырғыз азаматы Ресейдің Қорған қаласына апара жатқан екен.