Сот қызметкері сұмдық жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот қызметкері сұмдық жол апатына себепкер болды

Сот қызметкері сұмдық жол апатына себепкер болды

Атыраудақалалық соттың хатшысы 45 жастағы әйелдікөлігімен қағып өлтірді. Бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, алдындағы көлікті соққан Алтынгүл Маева жолдың қарсы бағытына шығыпкетіп, жаяу жүргіншіні қаққан.

  • 4 Шiлде 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz


Бұдан соң хатшы қыз тағы екі көлікті талқандап барып бір-ақ тоқтапты. Ауыр жараланған жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігінде жатып жан тапсырды. Ал жол апатын жасаған сот өкілі айтарлықтай зардап шеккен жоқ. 23 жастағы Алтынгүл Маева, енді 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ол Атыраудағы № 2 сотқа екі ай бұрын ғана жұмысқа тұрған екен.