Кезінде Қазақстаннан кетіп қалған Украина азаматтары қайта оралып пана беруді өтініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кезінде Қазақстаннан кетіп қалған Украина азаматтары қайта оралып пана беруді өтініп отыр

Кезінде Қазақстаннан кетіп қалған Украина азаматтары қайта оралып пана беруді өтініп отыр

Украинадағы қақтығыс аймағынан қашқандардың тағы бір легі Шығыс Қазақстанға келді. Капустиндер отбасы да осы Семей өңірінің тумасы. 12 жыл бұрын Донецк облысына қоныс аударған. Қазір бұл аймақта Украина әскері бүлікшілерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқаны белгілі. Екі баласын ерткен ерлі-зайыпты Капустиндер сол атыс-шабыстан бас сауғалап келіп отыр. Енді Қазақстан билігінен пана сұрауда.

  • 4 Шiлде 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Капустиндер отбасы осыдан 12 жыл бұрын Украинаға көшіп барып, сол елдің азаматтығын алыпты. Бірақ ондағы бейбіт өмірдің берекесі кеткен соң қайтып оралған. Қазір Ивановка ауылындағы бос тұрған үйді паналап жүр. Көрші-қолаң қолда бар киім-кешек пен керек-жарақтан қарайласыпты. Дегенмен, құжаттарын реттеу қиынға соғуда.

Татьяна Капустина, Украина азаматы:

-Біздің аудан орталығында құжаттарды рәсімдейтін мекеме әу баста атыстың астында қалған. Ол жерден құжат алуым мүмкін емес. Туған ағам сол жерде оққа ұшып, қаза тапты

-Капустиндер отбасы Қазақстанда әлі 2 жұмадай жүре алады екен. Талапқа сәйкес, олар осы уақыт өтпей Украинаға оралуы керек. Алайда қырқыстан көз ашпай келе жатқан елге олардың қайтқысы жоқ.

Ал жергілікті биліктің заңнан аттап кете алмайтыны анық. Оның үстіне Украинадан босып келгендердің түпкі ниеті тағы белгісіз. Сөздерінен аңғарғанымыз, Украина әскері халықты шетінен атып-асып жатыр екен. Бірақ айтып отырғандарының көпе-көрнеу жала екені көзі ашық адамдардың бәріне аян. Ал құжаттарын алу үшін міндетті түрде Донбассқа барудың қажеті жоқ деп отыр полицейлер. Расымен бас сауғалағаннан басқа ниеті болмаса, Украина елшілігінен көмек сұрауға құқылы.


Бақытжан Торғаев,
ШҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

-Ресми құжаттарды олар Украина мемлекетіне бармай-ақ, Қазақстандағы Украина елшілігіне барып, алып, құжаттардың бәрін дайындағаннан кейін көші-қон полициясына келіп, құжаттарын өткізсе, полиция қызметкерлері ұсыныстарды қарап, рұқсат беруге құқылы

Соғыс аймағынан қашқан Капустиндер енді біздің биліктен көмек күтіп отыр. Құжаттарын реттеп беріп, Қазақстанда тұруға рұқсат етсе дейді.