Пара алды деп айыпталған шенеунік сот залынан бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алды деп айыпталған шенеунік сот залынан бостандыққа шықты

Пара алды деп айыпталған шенеунік сот залынан бостандыққа шықты

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған тағы бір шенді сот залынан босатылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігіне Астана соты 3 жылға шартты түрде жазаға кесті. Негізінен прокурорлар Мақсұт Бақтыбаевты 6 жылға абақтыға жабуды сұраған. Бүгін соттан тура үйіне қайтқан Мал шаруашылығы департаментінің директоры былтыр пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. 

  • 4 Шiлде 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Босап шығатынын білді ме әйтеуір Бақтыбаев бүгін сот залына өте көңілді кірді. Абақтыдағы жағдайы да жаман болмаған сияқты. Ол изоляторда отырып-ақ әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы достарын өзінің сот процесіне тұрақты шақырып отырды.

Сөйтіп Бақтыбаев шенеунік ретінде Үкіметке есеп берген кездерін бір сәт еске алды. Бұрынғы әдетіне салып судья алдында төрт түлікке тигізген шапағаты мен тындырған ісін тізді. Күдікті темір торда да құр жатпапты, ел болашағы үшін жоспар құрып қойдым деп ағынан жарылды.

Мақсұт Бақтыбаев, айыпталушы:

-Изоляторда отырғаныма жарты жыл өтті. Өткен-кеткен қателіктерімді түсініп, қорытынды шығаруыма  уақыт болды. Мен мемелекет мүддесі үшін еңбек етіп, елімнің өркендеуіне үлес қосуға күш жинап, дайындалдым. Мақсатым көп кешікпей орындалады деп сенемін.

Бақтыбаев былтыр желтоқсан айында өзінің көлігінде кәсіпкерден 720 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Атқамінер  бұл қаржыға  жеке компанияның мемлекеттік тендерде жеңіске жетуіне көмектеспек болған.

— Міне, ақша.

— Мұны не үшін беріп отырсың?

—  
Атқарған жұмысым үшін бе?

—  Иә

Ол бастапқыда пара алғанын бірден мойындады. Бірақ, экс-шенеунік  кейін сот процесі басталғанда «бұл қосымша еңбегімнің ақысы» деп сөзінен тайып шыға келген.Яғни, Бақтыбаевтың кесірінен бюджетке бір тиын да шығын келмепті. Оның үстіне Ауыл шаруашылығы министрлігі де жәбірленуші ретінде сотқа арыз беруден бас тартқан. Сол әсер етті ме бүгін судья «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонда білім алып келген 28 жастағы Мақсұт Бақтыбаевты сот залынан босатып 3 шартты жаза кесті.

-Қамаудан дереу босатылсын.

-Осылайша, Бақтыбаев жазадан оңай құтылды. Бірақ жақында Ауылшаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевқа қатысты сот басталмақ. Ол да мемлекеттік тендерді ұтып беремін деп жеке кәсіпкерден 100 мың доллар пара алып жатқан сәтінде қаржы полициясына ұсталған. Айта кетейік, дәл  осы орынбасарының кінәсі дәлелденсе, Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өз еркіммен оставкаға кетем деген болатын.