Қостанайда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады

Қостанайда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады

Жұма күні Қостанайда жылу мен ыстық су бағасы қымбаттады.

  • 4 Шiлде 2014
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қостанай жылу энергетика компаниясы» кәсіпорны хабарлады.

4-шілдеден бастап өлшеу құралдары бар тұрғындар ыстық судың бір текше метрі үшін бұрынғы 268 теңгенің орнына 283 теңге 51 тиын, ал өлшеу құралы жоқ тұрғындар кісі басына бұрынғы 964 теңге 82 тиынның орнына 1020 теңге 62 тиын төлейтін болды.

Ал, өлшеу құралы бар тұтынушылар жылудың 1 Гкалы үшін бұрынғы 4139 теңге 84 тиынның орнына 4478 теңге 29 тиын, ал ортақ өлшеу құралы жоқ тұрғындар үйдің 1 шаршы метріне 143 теңге 31 тиын төлейді. Бұрынғы тариф 132 теңге 48 тиын болатын.