Алматы облысында полицияға 36 мың доллар пара бермек болған азамат сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полицияға 36 мың доллар пара бермек болған азамат сотталды

Алматы облысында полицияға 36 мың доллар пара бермек болған азамат сотталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөнінде маманданған ауданаралық соты жергілікті тұрғындардың бірін ұзақ мерзімге темір торға тоғыту туралы шшім шығарды.

  • 4 Шiлде 2014
  • 665
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы тұрғын ұрлық жасады, қару сақтады және полицейлерге пара берді деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, айыпталушы жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Іс материалдарына сүйенсек, ол былтыр қараша айында ірі ұрлық пен заңсыз қару-жарақ ұстағаны үшін қамалған.

Тергеуде отырған кезде күдікті аудандық ІІБ қызметкеріне 36 мың доллар пара беріп, қылмыстық қудалаудан құқтылмақ болған.


Қызметіне адал полицей бұл туралы бірден басшылыққа хабар беріпті.