Қаланың қақ ортасында орналасқан мына үш қабатты үй 50-ші жылдары салынған екен. Ескі баспананың қабырғасы қақырап, төбесінен су тамшылап, жертөледе аяқ алып жүру мүмкін болмай қалған. Мемлекеттен ақша бөлінеді дегенге сенген тұрғындар өз беттерімен жөндеуге кіріскен екен. Бірақ шенділер қаржыны келесі жылға қалдырғанын айтады. Ал, тұрғындардың ақшаның бөлінгенін күтпестен тез арада шатырды бұзуына мердігер компания себепші болған дейді. Ашынған тұрғындар енді шенеуніктердің үстінен сотқа арызданбақшы.
Елена Холод, Қостанай қаласының тұрғыны:
–Ақшаны не себепті тоқтатып қойғаны түсініксіз. Тіпті күмән туғызады. Не болса да соңына дейін барамыз. Мынандай үйде тұру өте қауіпті.