-9 айдан бері өстіп жүремін, ештеңе істей алмаймын.
Ботагөз Маматованың көлік қаққаннан бергі жағдайы осындай. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жерінен оны жүйткіген жеңіл көлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Ботагөз Маматова, жәбірленуші:
-Сарыөзекте жұмыс істеп жүргенмін ауруханада. Түннен шығып, жолдасымыз екеуміз келгенбіз. Сол күні кешке жақын жолды өтіп бара жатқанда болды.
Келіншегін көліктің қалай қақанын көзімен көрген Болат Нұрғалиев те сол күнді қорқынышпен еске алады. Жылдамдық сүйгіш тентектің 9 ай өтсе де жазасын алмай жүргеніне жігіт ашулы.
Болат Нұрғалиев, жәбірленушінің жұбайы:
-Сол кезде машина тоқтай алмай жанармай бекетінің қасына барып әрең тоқтады. Ботагөз ана жерге дейін барып тоқтады ғой.
— Қанша метрге ұшып кетті?
— бір 40 метр бар.
9 ай бойы төсек тартып жатқан Ботагөз қазір балдаққа сүйеніп қалған. Келіншекті алда әлі де бірнеше күрделі операция күтіп тұр. Сондықтан ең болмаса кінәлі азамат ем-домының ақысын өтесе дейді. Ал айыпты жігіт көмек беріп жатқанын айтуда. Тіпті дәрі-дәрмегінің ақшасын есептемегенде, ай сайынғы несиесінің өзіне 50 мың теңге төлеп жүрмін дейді.
-Соттасаң соттай бер дейді, Айдар сен де айттың ғой.
-Енді сіз жоқ нәрсені сұрап отырсыз ғой.
— Қалай жоқ нәрсені сұрадым?Аяғыма операция керек
— Сіз сұрадыңыз бір жылдық несиемді төлеп, машинаны берсең мен кешірім беремін деп.
-Машина дегенім аяғыма операция керек, 3-ші операция жасалады жақында
Ботагөздің айтуынша, айыпты азаматқа сол күйі шара қолданылмаған. Тәртіп сақшылары да бұл мәселенің мәнін түсіндіріп беруге құлықсыз.
-9 айдан бері тергеушісімен тілдесе алмаған Ботагөз Маматова сынды біздің түсіру тобымыз да ақыры мардымды жауап ала алмай қайтты. Көп күткенімізді байқап әріптестері тіпті түскі астан оралмады деп салды. Ал айдың күннің аманында мүгедек атанған Ботагөз болса прокуратураға шағымын түсіріп үлгеріпті. Енді моральді өтемақысы – 1 млн. теңгесін сот арқылы талап етпек.