Есепке жүйрік балалар астаналықтарды таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есепке жүйрік балалар астаналықтарды таңқалдырды

Есепке жүйрік балалар астаналықтарды таңқалдырды

Оқып туған балалар астаналықтарды таңғалдырды! 1 минутта 20 есепті оңай шешетін ұл-қыз «UCMAS Қазақстан» халықаралық орталығының оқушылары. Астана күніне орай бас шаһарға келген дарынды балалар күрделі математикалық тапсырманың өзін еш қиналмастан шешеді. Тіпті ересектерге дейін шаң қаптырып, жұртты таң-тамаша етті.

  • 8 Шiлде 2014
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Вундеркинд» атанып кеткен балалар кез-келген есепті шемішкеше шағады. Қиын математикалық есептің өзіне көп ойланбастан жауап қайтарып жатыр. Бұл – UCMAS халықаралық орталығының Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларында оқитын үздіктері. Елордаға келіп ерекше шоу жасаған олар тұрғындарды таң қалдырып кетті.

— Есептегішпен тексеріп көрулеріңізге болады.

— Дұрыс па екен?

— Дұрыс, дұрыс

Осылайша, көрермендер оқушылардың есепті қаншалықты дұрыс шешкенін есептегішпен тексеріп жатыр. Бірақ бір қате таба алған жоқ. Балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуға арналған Юсимас бағдарламасы АҚШ, Қытай, Канада секілді әлемнің 54 мемлекетінде кеңінен қолданылады. ТМД елдері арасында Қазақстанға бірінші болып келген. Осы бағдарлама бойынша білім алғандардың барлығы есепке алғыр. Мәселен, 9 жастағы Нұртөре 1 минутта ондаған есепті еш мүдірместен шешеді.

Нұртөре Оразбек,,«UCMAS Қазақстан» халықаралық орталығының оқушысы:


— Бір минутта мен 20-дан астам есептерді шығарам. 265-ті 3 көбейткенде тең болады 795 болады.

Ал орталыққа көбіне 4 жастан бастап қабылдайды.

Ғалия Күлбаева, «UCMAS Қазақстан» халықаралық орталығының оқытушысы:

-Бағдарлама 10 деңгейден тұрады. Шамамен 3 — 3 жарым жыл оқытылады. Жас ерекшеліктері 4 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Негізінде бұл математика ретінде қосымша бір пән. Балалардың ой өрісі, ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеттері дамиды, осы бағдарлама арқылы.

Үлкен-кішіні таңқалдыратын оқып туған балалар кейін Астананың көрікті жерлерін аралады. Тіпті саяхаттарын кемеге отырып жалғастырды. Сөйтіп Есілмен жүзіп шат-шадыман болды. Ал халықаралық дәрежеде мойындалған бағдарламаныболашақта еліміздің аудан, қалаларына енгізу жоспарда бар.