Бостонда Азамат Тәжияқовтың соты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостонда Азамат Тәжияқовтың соты басталды

Бостонда Азамат Тәжияқовтың соты басталды

Дәл осы уақыттарда АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ студенті Азамат Тәжияқовқа қатысты сот тыңдалымы болып жатыр. Өткен аптада Азамат пен тағы бір жерлесіміз Диас Қыдырбаевтың бостандыққа шығуға мүмкіндіктері бар екенін хабарлағанбыз.

  • 8 Шiлде 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz


Әрине, ол үшін қос студентке тергеушілердің қоқаң-лоққы көрсеткенін дәлелденуі тиіс. Сот алдына бірінші болып, 20 жастағы Азамат Тәжияқов жауап беруде. Бұған оның жақындары мен қорғаушысының «процесс ертерек өтсін» деген өтініші себеп болған-ды. Сөйтіп, отандасмыздың ендігі тағдыры 12 алқа би мен Дуглас Вудлок деген судьяға тапсырылды. Ал Диас Қыдырбаевтің ісі 8-ші қыркүйекке белгіленген. Еске сала кетсек, Массачусетс университетінде оқитын қос қазақ баласы былтыр сәуір айында тұтқындалған еді. Оларға Бостондағы марафонда жарылыс жасаған ағайынды Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылған.