Соңғы уақытта созылмалы дертке шалдыққан экс-президент Тбилисидегі өз үйінде қайтыс болды. Ол Грузияны 1995-2003 жылдар аралығында басқарған. Оған дейін де түрлі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Грузия Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Кейіннен КСРО-ның сыртқы істер министрі қызметіне дейін көтерілді.