Құлдықтан 50 жылдан соң босаған піл көз жасына ерік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлдықтан 50 жылдан соң босаған піл көз жасына ерік берді

Құлдықтан 50 жылдан соң босаған піл көз жасына ерік берді

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жабайы жануарларды қорғау бойынша ұйымның белсенділері  Раджи есімді кәрі пілді құлдықтан құтқарды, деп жазады Лента.ру.

  • 8 Шiлде 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz

Иесінің ұрып-соғуынан босаған піл көз жасына ерік берген. Пілдің иесі оны тікенді  шынжырмен ұстап, әбден ұрып-соққан көрінеді. Ол күнде адамдарға иіліп, өнер көрсетеді. Ал тапқанын иесі өзіне жаратып, піл көшедегі қоқысты жеп күн көрген. Пілдің бұндай аянышты тағдыры жануарларды қорғайтын ұйымды бейжай қалдырмады. Олар Раджиді құлдықтан босату  үшін 1 жылдарын сарп еткен. Белсенділер пілдің аяғынан тікенді шынжырды шешкенде піл жылап қоя берді. Ал иесінде пілді ұстау туралы ешқандай құжаты болмаған екен.

Айта кетейік, пілдер орташа есептегенде 60-70 жылдай өмір сүреді. Ал оларды 16 жасынан бастап еңбекке салады.