Астананың іргесінде колония қызметкері өртеніп жатқан вагонның ішінен... - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың іргесінде колония қызметкері өртеніп жатқан вагонның ішінен...

Астананың іргесінде колония қызметкері өртеніп жатқан вагонның ішінен...

ЕЦ-166/22 түзету мекемесінің қызметкері әділет лейтенанты Раиса Қаленова Қосшы ауылында құрылыс вагонында болған өрт кезінде екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ.

  • 8 Шiлде 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, құрылысшылар тұрып жатқан вагонда өрт сенбіде кешке болған.

"Мен далада кір жайып жүріп, вагонның есігінен түтіннің шығып жатқандығын көріп қалдым. Ұялы телефонмен өрт сөндіру бөлімшесіне хабарласқан бойда өртеніп жатқан вагонға қарай бардым", деді Р.Қаленова.

"Батылдық танытқан ол оттан екі ер адамды алып шығып үлгерген, артынша онда газ баллоны жарылып, вагонның төбесі қираған," делінген онда.