Көлік министрлігі Астана-Павлодар әуе рейсіне субсидия бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік министрлігі Астана-Павлодар әуе рейсіне субсидия бермек

Көлік министрлігі Астана-Павлодар әуе рейсіне субсидия бермек

1-шілдеден бастап Астана-Павлодар маршруты бойынша ұшу жиілігі аптасына төрт рейстің орнына жеті рейс болады,

  • 8 Шiлде 2014
  • 359
Фото - Caravan.kz

билеттің құны 18 мың теңгеге дейін төмендейді. Әуе рейсіне субсидияны көлік министрлігі береді, деп хабарлады сейсенбіде ведомствоның баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап өтілгендей, маршрутқа субсидия беру туралы шешім Астана-Павлодар көлік жолының жөнделе бастауына байланысты болып отыр.

"Жолдың жөнделуіне орай халық қиналып қалмас үшін, жылдың соңына дейін әуе рейсіне субсидия беріліп отырады", делінген онда.

Қазіргі уақытта көлік министрлігі ішкі жеті әуе рейсіне субсидия беріп отыр, оның ішінде Астана – Жезқазған – Астана, Алматы – Көкшетау – Алматы, Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, Өскемен –Қарағанды – Өскемен, Астана – Петропавл – Астана, Алматы – Петропавл – Алматы, Алматы -Үржар – Алматы.