ШҚО-да «Гүлнар тур» компаниясы қызметінен 100-ге жуық адам зардап шеккен - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да «Гүлнар тур» компаниясы қызметінен 100-ге жуық адам зардап шеккен

ШҚО-да «Гүлнар тур» компаниясы қызметінен 100-ге жуық адам зардап шеккен

ШҚО әкімдігінің туризм және сыртқы байланыс басқармасы облыс прокуратурасының өкілдерімен бірігіп «Гүлнар тур» компаниясы қызметінен зардап шеккендердің тізімін құрастыруда,

  • 8 Шiлде 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыс әкімінің ақпарат орталығында.

Өскеменде туристік фирма кеңсесінің алдында «Гүлнар тур» компаниясының көмегіне жүгінген азаматтарды тіркеу жүргізілді. 

«Қазір демалыс орындарына қанша адам ұша алмағанын, қандай қонақ үйлерге баруы тиіс екенін білгіміз келеді. «Байланыс желісіне» небәрі 50 шақты қоңырау келіп түсті. Сондықтан біздің мамандарымыз прокуратура өкілдерімен бірге осы жерде жұмыс істеп, адамдарға заңды түсіндіруде», — дейді туризм және сыртқы байланыс басқармасы бастығының орынбасары Абзалбек Тәуіпбай.

Бүгінде басқарма қызметкерлері 100-ге жуық зардап шеккенді анықтады.

Прокуратура төрағасы да осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады: «Өз ақшаларыңызды қайтару үшін сотқа барғаныңыз жөн. Сіздердің сотқа шағымдануға құқықтарыңыз бар. Егер сіз олардың арбауына түстім деп есептесеңіз, онда қаржы полициясының немесе прокуратураның көмегіне жүгінуіңіз керек. Кейін, сот ісі сіздің пайдаңызға шешіліп, «Гүлнар тур» сіздің шығындарыңызды өтемесе, онда соттың шешімімен қарызын қайтаруға міндеттеледі», — деп Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі Ермек Атрауанов жиылғандарға кейбір заңнамаларды түсіндіріп өтті.

Облыстық әкімдік өкілдерінің деректерінше, жапа шеккендер Түркияда қалмады. Туристердің барлығы Қазақстанға қайтарылды.