ТМРА-ның бұрынғы басшысы М. Оспанов қыркүйекке дейін қамауда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМРА-ның бұрынғы басшысы М. Оспанов қыркүйекке дейін қамауда болады

ТМРА-ның бұрынғы басшысы М. Оспанов қыркүйекке дейін қамауда болады

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты уақытша оқшаулау изоляторында ұстау уақыты 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

  • 9 Шiлде 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты кеңсесінің меңгерушісі Дархан Ахашов мәлім етті.

Оның айтуынша, Мұрат Оспановтың ісіне қатысты қылмыстық істің материалдары бойынша сот екі айлық арест түріндегі жазаны кескен.  Шенеунікке ҚР ҚК 311-бабы 5-бөлімінің бойынша — аса көп мөлшере пара алу деген айып тағылған. Бұл бап дүнеи-мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Айта кетейік, 2014 жылдың 2 шілдесінде Қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты тұтқындағанын мәлімдеген болатын. Олардың мәліметінше, М. Оспанов 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Артынша белгілі болғандай, пара көлемі 300 мың екені анықталды. 3 шілде күні Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты ТМРА бұрынғы басшысын ұстауға санкция жариялады.