Судьяны сапалақпен ұрған тұрғынға қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Судьяны сапалақпен ұрған тұрғынға қатысты сот басталды

Судьяны сапалақпен ұрған тұрғынға қатысты сот басталды

Қарағандыда судьяға қол жұмсаған адвокатқа қатысты сот отырысы басталды. Евгений Танков наурыз айындағы сот отырысы кезінде судьяны сапалақпен салып жібергені үшін қамауға алынған еді.

  • 9 Шiлде 2014
  • 169
Фото - Caravan.kz

Ресми түрде заңгерге судьяны сыйламады және күш көрсетті деген екі айып тағылып отыр. Істе тіпті дене жараққаттары бар деп те көрсетіліпті. Сөйтсе сапалақтың соққысынан судья Алшынбековтің шынашағы іскен екен. Бармағы сынып кетпесе де, жарақатының азабын қатты тартқан судья бірден полицияға шағымданған болатын. Бірінші сот отырысында-ақ заңгер, күш көрсетпегенін ашық айтты.


Евгений Танков :

-Менің әрекетім тек ҚК 342-ші бабы бойынша, яғни сотты сыйламадың деген желеумен қаралуы керек. Мен тергеудің басында-ақ осы бағытты ұстанғанмын. Ешқандай күш көрсеткен емеспін.