Ұлттық дельфий комитетінің директоры ауруханадан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық дельфий комитетінің директоры ауруханадан табылды

Ұлттық дельфий комитетінің директоры ауруханадан табылды

Аяқасты із-түзсіз кеткен Ұлттық дельфий комитетінің директоры Астанадағы ауруханалардың бірінен табылды. Сәжида Сейітбаеваның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен жатып ем қабылдап жатыр екен. Бұл туралы комитеттің ресми сайтында жарияланған. Алайда Дельфий ойындарының басшылығы мәлімдеме жасаудан бас тартты.

  • 9 Шiлде 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz


Сәжида Сейітбаева Оралда өткен оныншы Ұлттық Дельфий ойындары аяқтала салысымен із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Оған тіпті полиция іздеу салды. Директордық жоғалғанына әсіресе оралдық кәсіпкерлер ерекше алаңдаған еді. Айтулы шараны өткізуге атсалысқандар еңбектерінің ақысын ала алмай, біраз шулағаны бар. Дегенмен, бүгін Дельфий комитеті қарызды алдағы бір-екі күнде қайтаруға уәде етті.