Алматыда заңсыздыққа күйінген азамат өзін өлтірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда заңсыздыққа күйінген  азамат өзін өлтірмек болды

Алматыда заңсыздыққа күйінген азамат өзін өлтірмек болды

Алматыда егде жастағы азамат көптің көзінше өз тамағына пышақ тақап, жұртты біраз дүрліктірді. Көше ортасында айқайға басқан тұрғын прокурор мен журналистердің назарын осылайша аудармақ болған.

  • 9 Шiлде 2014
  • 217
Фото - Caravan.kz

Суық қаруын сумаңдатқан азаматтың бұл қылығы полиция ғана емес, жедел жәрдем, тіпті құтқарушыларды да тікесінен тік тұрғызды. Ал мұндай қадамға баруына, баласына қатысты қозғалған іс себеп болыпты. Александр Кимнің айтуынша, түн ортасында ұлының машинасын таныстары мініп кетіп, жол ережесін өрескел бұзған. Сол үшін енді меншік иесі жауапқа тартып жатыр екен. Тәртіп сашыларына сенуден қалдым деген азамат, осындай айқаймен ақыры прокурорды алдыртты. Қадағалаушы орган өкілі келгенде ғана сабасына түсіп, мәселені көшеде емес кабинетте талқылауға келісті.


Александр Ким :

Кешкісін ұлыма бейтаныс біреу хабарласып, Желтоқсан көшесінің бойында көлігі апатқа ұшырағанын айтты. Баламның екі танысы жанына екі қызды алып, жоғары жылдамдықпен келе жатқанда көлік аударылған. Қатты соққыдан жол бойында тұрған екі джипті зақымдаған. Енді осыған ұлымды кінәлап отыр.