Полицейлер сот шешімімен 2 айға қамауға алынған. Олар енді жұмбақ жағдайда қаза тапқан басшыларыныңорнына жауап бермек. Ғұбайдуллинге кезінде Каспийде бекіре аулағандарға ақылы қолдау көрсетті деген айып тағылған болатын. Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің басшысын сәуір айында қаржы полицейлері парамен қолға түсірген. Тергеу кезінде денсаулығы аяқасты нашарлаған майор ауруханаға жеткізілгенімен, әжетхананың терезесі арқылы қашып кеткен-ді. Үш күннен соң денесі қаладағы құрылыс алаңдарының бірінен табылды. Осы іске орай, прокуратура «суицидке итермелеу» және «заңсыз тұтқындау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын айта кетейік.