«Ешкімнен тығылмадым» деген Бақтияр Артаев бүгін бар шындықты айтуға бекініпті. Жанына адвокатын ерте келген. Би алаңында қызды ұрмақ түгілі, одан өзімтаяқ жедім дейді боксшы. Яки, алдымен бойжеткен жұдырық сілтеп Олимпиада чемпионының көзін көгертіп қойыпты.
Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:
—Ол қыз мені ішімнен жақсылап теуіп, қол сілтеді. Мен ер жігіт болған соң айтпап ем жасырып, енді амалым жоқ. Мен де экспертиза тапсырдым. Міне, өздеріңіз көріп отырсыздар оң көзімнің астында дақ тұр.
Ал Артаев сабап тастады деп отырған Айсұлу Ыбрашеваның дәлелі мына суреттер. Боксшының жуан жұдырығы жағымды сындырып жібере жаздады дейді. Содан миы шайқалған. Астанадағы ұлттық компаниялардың бірінде істейтін 28 жастағы қыз қазір ауруханада ем алып жүр екен.
Айсұлу Ыбрашева, зардап шегуші:
— Артымда ешкім жоқ. Егер артымда біреу болса, сұрайтын едім жәрдем. Артымда ешкім жоқ. Маған ондай пиар керек емес.Мені ренжітті екен, кешірім сұрасын.
Дау мына элиталық түнгі клубта басталған. Қыздың айтуынша, Артаев құйрығынан шапалақпен тартып қалыпты. Мұның не деп сөз қайтарғанда оңбай жұдырық жетім дейді. Бір қызығы, адам көп келетін бұл жерде бір де бір бақылау камерасы жоқ болып шықты. Қожайыны да боксшының сөзін сөйлеп отыр.
Арман Шабанов, клуб директоры:
— Бақтияр сол күні ешкімді ұрған жоқ. Ешқайда қашпады да. Ол таңға дейін осында болды. Өзім есікке дейін шығарып салдым. Бірақ,зардап шегушінің оңбай таяқ жедім дегені өтірік. Егер Бақтияр шынымен ұрса, ол қыздың сөйлеуге шамасы жетпес еді ғой.
Ал Артаев Ыбрашеваның әлдекімдердің арандатуына, айтағына еріп отырғанына сенімді. Тіпті өзіме жала жапты деген қызды алаяқ және сол күні удай мас болғанын мәлімдеді. Бірақ,зардап шегуші бұл оқиғадан ақша істеу ойында жоқтығын айтып ақталып отыр.
Айсұлу ЫбрашЕва, зардап шегуші:
—Мас болған жоқпын. Менде аллергия бар спиртке. Оны достарымның барлығы біледі. Мен көп іше алмаймын. Отырыстарда ішсем 1 шына сыра ішермін. Болды.
-Осылайша бұл оқиға шым-шытырық фильмге ұқсаңқырып барады. Дауласқан екі тараптың өз шындығы бар. Сондықтан алған беттерінен танбайтын түрі бар.Соған қарағанда істің сотқа дейін жетуі мүмкін. Ал бұл дерек бойынша, әзірше қылмыстық іс қозғалып отыр.