Өскеменде «Гүлнар турдан» миллиондарын қайтара алмағандар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде «Гүлнар турдан»  миллиондарын қайтара алмағандар шу шығарды

Өскеменде «Гүлнар турдан» миллиондарын қайтара алмағандар шу шығарды

Өскеменде Түркияға ұшып кете алмай сенделген туристер бүгін тағы шу шығарды. Маңдай тер ақыларына жолдама сатып алған елуге жуық тұрғын «Гүлнар Турдың» кеңсесінің алдына жиналып, барлық құзырлы орындарға арыз жазды. Демалысты Түркияда өткізу үшін бірнеше ай бұрын ақшасын беріп қойған жұрт, енді оны қайтара алатындарына күмәнді.

  • 9 Шiлде 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Шілденің шіліңгір ыстығын шетелде өткіземін деп жоспарлап, жарты жыл бұрын ақысын төлеп қойған Елена Клостер қазір Жерорта теңізінің жағасы емес, «Гүлнар Турдың» кеңсесін жағалап жүр. Отбасы бір жарым миллион теңгесін жолдамаға жұмсаған. Енді сол ақшасын кері қайтарып алсам дейді.

Елена Клостер, Өскемен қаласының тұрғыны:

Ақшамызды қайтарады дегенге сенбеймін. Күнде осылай келіп жиналы,п мына есіктің алдында текке тұрып қайтамыз.

Бар ақшасын беріп, бармақ тістеп қалғандар «Гүлнар Турдың» Өскемендегі бөлімшесінің бүгінге дейін лиценциясыз жұмыс істеп келгенін анықтаған. Бөлімше есігінде бір аптадан бері қара құлып тұр. Жұрт енді өз қолдарымен әкеліп берген қаржыларын кімнен даулайтындарын білмейді.

Татьяна Ковалева, Өскемен қаласының тұрғыны:

Осыдан екі жыл бұрын жақсы демалып келгенбіз. Бұл жолы да жолдаманы алаңсыз сатып ала салдық. Бұлардың 2013 жылдың қарашасында лицензиядан айрылғанын білген жоқпыз.  

Шығыс Қазақстанда «Гулнар Тур» компаниясынан жолдама алып, жолда қалған мыңға жуық турист бар. Енді барлығының осылай қол жинап, Бас прокуратураға арызданудан басқа амалдары жоқ. Алданғандарға жергілікті билік те қол ұшын береміз деп отыр.


Абзалбек Тәуіпбай, ШҚО туризм басқармасы бастығының орынбасары:

Біз тізім жасап «Гулнар Турдан» сол тізім арқылы азаматтардың қаржысын қайтарудан «Гулнар турмен» жұмыс жасаймыз. Қаржыларын қайтару бойынша.

Шетелге ұшып кете алмай, демалыстарының шырқы бұзылған жұрт жолдамаға төлеген қаржыларын қайтарылуын талап етіп арыз жазды. Елуден астам жолы болмаған туристер қол қойды. Жергілікті билік те жалма жан қимылға көшті. Қазір «Гүлнар турға» шағымы барлардың тізімі жасалып жатыр. Көмек те сол бойынша берілмек.