Құрама командасы жеңілген Бразилияда тәртіпсіздіктер басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрама командасы жеңілген Бразилияда тәртіпсіздіктер басталды

Құрама командасы жеңілген Бразилияда тәртіпсіздіктер басталды

Белу-Оризонтиде футболдан әлем чемпионатында Бразилияның құрамасы жартылай финалда Германиядан жеңіліп қалған соң елдің бірқатар қалаларында жаппай тәртіпсіздіктер басталды,

  • 9 Шiлде 2014
  • 424
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Би-би-си.

Бразилия құрамасы 1:7 есебімен жеңілген.

Әлеуметтік желілерде ойыннан соң Бразилияның жалауын өртеп жатқан адамдардың суреттері шықты.

Сан-Паулу қаласында мыңдаған адам көшелерге шықты. Twitter берген суреттерде өртеніп жатқан жерлер көрініп тұр, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, полиция халықты тарату үшін көзден жас ағызатын газ пайдалануда.

Рио-де-Жанейрода әйгілі Копакабана жағажайында матч трансляциясын бірнеше мың адам көрген, ол жер де тыныш емес.