Астанада экотакси автопаркі EXPO-2017 қарай көлік санын 500-ге жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада экотакси автопаркі EXPO-2017 қарай көлік санын 500-ге жеткізеді

Астанада экотакси автопаркі EXPO-2017 қарай көлік санын 500-ге жеткізеді

Астанада экотакси автопаркі EXPO-2017 көрмесін өткізуге қарай көлік санын 500-ге жеткізеді,

  • 9 Шiлде 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады AllurGroup баспасөз қызметінен.

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке жаңа 70 экологиялық көлік көрсетілді, олар қостанайлық AllurGroup шығарылған. "ЭкоТакси" жобасы шеңберінде алғаш рет Peugeot Partner отандық өндірісте шығарылған көліктер ұсынылып отыр. Жаңа таксомоторлар WI-FI, планшет, клиенттерге арналған журналдармен, ақшаны аудару арқылы төлеу жүйелерімен жарақтандырылған.

Peugeot сұйытылған газ, пропан-бутан (LPG) қоспасы негізінде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта қалада 200 экологиялық көлік қызмет көрсетуде, ол негізінен SsangYong Kyron маркісінің көліктері, қостанайлық "АгромашХолдинг" зауытында шығарылған.


"Экотакси" инвестициялық жобасы 2013 жылы желтоқсанда іске қосылған болатын.

AllurGroup құрамына "Allur Auto" ЖШС, "АгромашХолдинг" АҚ, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС енген.