Сырқат балаға шұғыл қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырқат балаға шұғыл қаржылай көмек қажет

Сырқат балаға шұғыл қаржылай көмек қажет

Сәрсенбаевтар отбасы 4 жасар ұлдарын тәй-тәй бастыра алмай әлек. Кішкентай Дарын туа бітті сал ауруына шалдыққан. Сырқатының ушыққаны сонша, бүлдіршін салға қоса енді талма дертіне де душар болыпты.

  • 10 Шiлде 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

4 жыл болды Жадыра тұңғышын аяғынан тік тұрғыза алмай әлек. Әне-міне мектепке баратын бала тек еңбектей алады. Анасымен де ымдап қана сөйлеседі. Дарынның жүйке жүйесі оңбай зақымдалған екен. Ал жақында ауруына тағы ауру жабыстырып, енді салға эпилепсия қосылған. Күніне 4-5 рет талып қала беретін ұлының жанынан Жадыра бір елі де алыстамайды. Қытайлық дәрігерлер баланы дертінен айықтыруға уәде беріпті. Ота жасату үшін отбасы банктен несие де алған. Бірақ ол қаражат жетпейді. Әлі 4 млн теңге қажет. Сондықтан кісі босағасын паналаған жас отбасы көпшіліктен көмек сұрайды. 


Жадыра Қалдыбаева, Дарынның анасы:  

-Бізге Қытайға міндетті түрде баруымыз керек. Балама ем өте қажет. Аяғынан тік жүрсе екен дейміз. Ауырмаса екен дейміз. Өтінемін, көмек қолын беріңіздер!

Отбасының байланыс телефоны:

8-775-854-67-94, 8-707-807-83-53