Қостанайда бала кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бала кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды

Қостанайда бала кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды

Қостанайда бір жарым жастағы бала кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды. Ата-анасы бір сағаттай ұлдарын өздері шығаруға тырысқан. Бірақ, нәтиже болмапты.

  • 10 Шiлде 2014
  • 245
Фото - Caravan.kz

Анасының көзін ала бере кішкентай екі ұл кір жуғыш машинаның үстіне шыққан. Сөйтіп кішісі ішіне құлап кетіпті. Анасы көрші-қолаңды шақырып, өздерінше әрекет еткен. Біразға дейін арпалысып, ақыры шығара алмаған соң құтқарушыларды шақыруға тура келіпті. Олар тұрмыстық техниканы екіге бөліп, бүлдіршінді әрең алып шықты.


Арайлым Бербекова, анасы

-Көршілерді шақырдым жүгіріп барып, келді көмектесті. Мына жерге дейін өзіміз аштық. Сосын көтердік, 30 минут өтті. Шығара алмадық, бала жылап-жылап қызарып кетті.