Барахолка базарындағы кезекті жанжал жаппай төбелеспен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолка базарындағы кезекті жанжал жаппай  төбелеспен аяқталды

Барахолка базарындағы кезекті жанжал жаппай төбелеспен аяқталды

Жабайы саудаға жол жоқ! Бүгін Алматыдағы «барахолкада» тағы саудагерлер шу көтерді. Базар жаппай бұзылғанда орнынан айрылғандар екі айдан бері тауарын көшеге жайып сатып келген. Енді әкімшік оларды қудалап жатыр екен. Бүгін саудагерлер «өліспей беріспейміз» деп, базар күзетшілерімен жаға жыртысты.

  • 10 Шiлде 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

–Бүгін «Барахолка» базарынан тағы да шу шықты. Бұл жолы сүрілген қатарлардың орнында жабайы сауда жасаушылар қудалануда. Ашынған топтың айтуынша, «қызыл сызықта» отырғаны үшін базар әкімшілігіне күніге салық төлейді екен. Ал, ұсақ-түйекпен нәпақасын айырып жүргендерге күзетшілер тыным бермейтін көрінеді.

Мына таспаны саудагерлер ұялы телефонға түсірген. Базардан береке кеткелі әкімшілікпен жаға жыртысуы бірінші рет емес. Бүгін де күзетшілер орнынан айырылып, саудасын сыртта жалғастырғандарды жағадан алды.

-Біз барлығына дайынбыз. Өлсек өлеміз. Мына жерден кетпейміз.

Саудагерлердің айтуларынша, базар емес, көше бойы болса да уақытылы салық та төлеп келген.

Құндыз Қабдуллина, саудагер:

–Ең басында әкімшіліктен келді. Ақша төлеңдер деді. Біз нан тауып жатырмыз, төледік. Полиция келді. Оған да төледік.

Ал, базарбасшылығы «жабайы саудаға» жоқ деп отыр. Базар алдындағы тау болып үйілген қоқысқа да сол саудагерлерді кінәлады.


Жасұлан Керімқұлов, базар әкімшілігінің өкілі:

–Бұл жерге тұрғызуға болмайды. Жабайы саудадан мынандай қоқыс толып жатыр. Сөз алдымен базарға келеді. Мен бұл кісілірге ішке кіріңдер деймін. Мен оларға 2 апта бергем. Қанша келе жатыр, көнбейді. Өздері ішке кіргісі келмейді.

Кіргісі келмейді емес, келеді. Бірақ барлығы бірдей жалдау ақысын төлеуге қауқарсыз. Өйткені сатып отырғандары ұсақ-түйек. Тек ашулы топтың арынын байқаған базар әкімшілігінің өкілі біздің көзімізше ішкі қатарлардан арзан бағамен орын тауып беремін деп уәде берді.  

– Келістік қой, орынды бересің ғой. Күніне 300 теңгеден. Жасұлан!

– Кір! Кір!

Алайда қудалаудан әбден қажыған саудагерлер басшылықтың бұл сөзіне сене қоймады.